Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))
Сәлем, достар! Дәм-тұз бұйырып Түркияның Ескишеһир қаласын көруге мүмкіндік туды. Басты мақсат – биыл алғаш рет ұйымдастырылған Түрквижн байқауына еліміздің атынан шыққан Ринго тобына қолдау білдіру, жанкүйер болу.
Жұма күні түнгі бірде шығып кеттік. Таңертең қалада болып, кешке дейін қаланы қыдырып, кешке концертке кіреміз деп жоспарладық. Қолымызда жиырма билет бар. Жиналғаны он жеті студент. Әрине, қалта көтерсе барлығы барғысы келеді. Измирдегі «Қазақ мәдениет орталығның» басшысы Чаглар Ербек мырза жол қаражатының жартысын көтеріп арнайы көлік тауып берді. Рақмет!
Таңғы жетілерде Ескишеһирде болдық. Измирдің жылы ауа-райына үйреніп қалған біздер, тұманды, ызғарлы, аппақ жерді көргенде біраз абыржып қалдық. Измирдің желіне арызданғанымыз – тәлпіштік екен. )) Сол қалада оқитын қазақ студенттер қарсы алып, үйлерінде күтті.
Ескишехир десе, бірден еске админ Аршат түседі маған. «Менің Ескішеһирім» деп кемсеңдеп отырғаны елестейді. Ескісін қайдам, жаңа әрі әдемі, сәнді көп қабатты үйлер көп. Шағын қала.
Әрі қарай